Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ тапсыратын балалар қай пәнді жиі таңдайды

ҰБТ тапсыратын балалар қай пәнді жиі таңдайды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев наурыздағы ҰБТ қалай өткені жайлы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары өзгермеген. Олар: - «Математика-Физика» (25%) - «Химия-Биология» (17%). Ең аз таңдалатын комбинация «Химия-Физика» (0,13%). Бұл пәндерді тапсырып «Химиялық инженерия және процестер» білім бағдарламасын таңдауға болады. 63 адам - смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды. 135 адам - тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. «Тестіленушілер телефондарды, құлаққаптарды, смарт-сағаттарды, шпаргалкаларды және калькуляторларды алып кірмекші болған. Калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштік кестелері компьютерге жүктелгендігін қайтадан естеріңізге сала кетейін» деп ескертті Руслан Емелбаев. Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының директоры талапкерлердің 65 пайызы шекті балды жинағанын хабарлаған еді.

25 наурыз 2022 ж. 992 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 211

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930