Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет екі айдың ішінде қай салада өсім болғанын айтты

Үкімет екі айдың ішінде қай салада өсім болғанын айтты

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов биылдың екі айында қай салада өсім болғанын айтты. Министрлер кабинеті басшысының мәліметінше, екі айдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 3,5%-ға дейін артты. Тұрақты экономикалық өсімнің драйвері нақты сектор болды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,7%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,9%-ға өсті. Өсім тіркелген негізгі салалар – фармацевтикада -17%, киім-кешек өндірісі - 12,8%, машина жасау - 9,2%, оның ішінде локомотивтер мен вагондар өндірісі - 23,8%, автомобиль жасау - 10,2%, пластмасса өнімдерінің өндірісі - 8,7%, дайын металл бұйымдары - 4,4%, құрылыс материалдарын шығару - 2,1%, - деп айтты Әлихан Смайылов. Сонымен қатар тау-кен өндірісі 6,4%-ға орнықты өсімді көрсетті. Бұл саладағы тұрақты өсімге мұнай өндіруді 9,2%-ға, табиғи газды 8,9%-ға және металл кендерін 1,2%-ға ұлғайту есебінен қол жеткізіліп отыр.
Көлік, сауда және байланыс салалары есебінен қызмет көрсету секторында 2,1% деңгейінде оң өсім байқалып отыр. Құрылыс саласы 7,6%-ға өсті. 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ шикізаттық емес сектордағы тұрақты инвестициялық белсенділік жедел экономикалық өсімнің негізгі факторы болды, - деп толықтырды Үкімет басшысы. Одан бөлек, кен өндіру саласын есепке алмағанда инвестициялар 5,7%-ға өсті.

Оның сөзінше, каңтар-ақпан айларында Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша өсім байқалып отыр. Ең төмен көрсеткіш Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелді.
#Әлихан Смайылов #Премьер-министр
15 наурыз 2022 ж. 627 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 45

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031