Елімізде кітап оқудан ірі сайыс басталды

Жарыстың шарты мен талаптары:
Сайысқа 4 оқушылар тобы және 1 ересектер тобы қатысады: 1-2 сынып, 3-4 сынып, 5-8 сынып, 8-12 сынып және студенттер мен ата-аналардан, басқа да ересектерден құралған топ. Яғни сайысқа кез келген адам қатыса алады.
Əр топтың кітабы және жүлдесі бөлек. Сайысқа қатысушылар қазақ классиктері мен әлем классиктері кітабын оқып жарысады. Қатысушылар 3 кезенде 3 кітапты оқып бітіруі тиіс. Бірінші кезеңде мына кітаптар беріліп отыр:
1-2 сыныпқа – Ертегілер топтамасы
3-4 сыныпқа – Бауыржан деген бала бар (Әлдихан Қалдыбаев)
5-8 сыныпқа – Бір атаның балалары (Мұхтар Мағауин)
8-12 сыныпқа – Сүлеймен патшаның кеніші (Хаггард Генри)
Ересектерге – Сүлеймен қарақшы (Момбек Әбдәкімұлы)
Әр кезеңнің соңында кітап бойынша 100 сұрақтан тұратын онлайн-тест өтеді. Ал онлайн-тестіге 16 минут уақыт беріледі.
100 сауалға жауап беруге 16 минут жеткілікті. Кей қатысушылар 7-8 минутта тапсырып тастайды. Сондықтан осы уақыттың ішінде сауалға түгел жауап беруге тырысу керек, — дейді «Дария» даму орталығы директорының орынбасары Бақытжан Асқаров.