Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық мұғалімдер «Әлем мұғалімі» сайысына қатысады

Қазақстандық мұғалімдер «Әлем мұғалімі» сайысына қатысады

«Қазақстан мұғалімі» жарысында топ жарғандар ғана әлемдік сайысқа қатыса алады.
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық жарысының он финалисті «Әлем мұғалімі» деп аталатын сайыста бақ сынамақ. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық жарысы – Нобель сыйлығының мұғалімдерге арналған бейресми аналогы саналатын Global Teacher Prize халықаралық жобасының бір бөлігі. Оның жүлде қоры – 1 миллион доллар. Премияны Варке қоры тағайындайды, ол мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін бағытталған. «Қазақстан мұғалімі» жарысы осымен үшінші маусым қатарынан өткізіліп жатыр. Байқауға еліміздің кез келген өңірінен кемінде үш жыл үздіксіз еңбек еткен педагогтар қатыса алады. Әрбір мұғалім мектеп әкімшілігінің шешімінсіз немесе қатысуынсыз, бөлім немесе білім басқармасы немесе Білім және ғылым министрлігінің ұсынысынсыз бағын сынауға құқылы. Жеңімпазға 10 000 доллардай ақшалай сыйлық беріледі, қалған тоғыз финалистке жеке номинациялар мен басқа да бағалы сыйлықтар үлестіріледі. Барлық он финалист Global Teacher Prize жарысының іріктеу кезеңіне ұсынылады. Бұл кезеңнен өтсе, әлемнің үздік мұғалімі атағы мен 1 миллион доллар сыйлығы үшін бәсекеге түсе алады. Сайысқа қатысу үшін Teacherprize.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Сауалнама 2021 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.
09 тамыз 2021 ж. 515 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 28

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 82

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 92

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 61

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 96

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031