Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам қаза тапты

20 адам тәртіпсіздіктің кездейсоқ құрбаны болды, олардың көпшілігі – алматылықтар. Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 230 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қаңтар оқиғаларының құрбандарына тоқталсақ. Ел бойынша барлығы 230 адам қаза тапты, олардың арасында 19 күштік құрылым қызметкері мен әскерилер бар. Ең көп қаза тапқандар Алматыда – 139 адам", - деді Асылов.
Әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру және құқықтық тәртіп орнату барысында шабуыл жасаған 86 адамның көзі жойылды.
Көз жұмған 53 адам бойынша өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. Олар қала аумағынан түрлі жарақатпен табылды, соның ішінде 48 – оқ жарақаты, 2 – пышақ, 3 түрлі жарақат және күйік.
Басқа жеті өңірде құқық қорғау күштері әкімдік, полиция, ҰҚК департаменті ғимараттарын қорғау кезінде шабуыл жасаған 63 адамды өлтірді.
"Дәл қазір біз абайсызда оқ тиіп көз жұмған 20 бейбіт азамат туралы білеміз. Олардың 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Таразда", - деп түйіндеді бас прокурор.
14 наурыз 2022 ж. 865 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930