Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде 21 адам қайтыс болды

Қызылорда облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде 21 адам қайтыс болды

13 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қызылорда облысында тәртіпсіздіктер басталғалы 21 адам қайтыс болды. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды sn.kz.
"Осы уақытта 204 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың ішінде 48 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, 13 адам жансақтауда, олардың жетеуі әскери қызметкер. Бір әскери қаза тапты. Қаза болғандар саны - 21", - деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында бейбіт тұрғындар арасынан қайтыс болғандар саны нақтыланып жатқанын айтқан болатын. 
"Күштік құрылымдардың 16 қызметкері қайтыс болды, 1300 адам жараланды. Бейбіт тұрғындар арасында да қайтыс болғандар бар. Нақты саны анықталып жатыр", - деді Президент ҰҚШҰ отырысында.
11 қаңтар 2022 ж. 343 0

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 14

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 49

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031