Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партияның жаңа атауы жаңашылдықтың бастауы

Партияның жаңа атауы жаңашылдықтың бастауы

Онлайн формата өткен саяси маңызы зор тарихи шараға Сыр өңірінен делегат болып қатыстым. Тарихқа көз салсақ осыдан 23 жыл бұрын дәл 1 науры зкүні партияның құрылтай Съезі өткен. Сондықтан жиынның да кешегі күнге ұйымдастырылуы партия тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз.
Жиында Партия Төрағасының 28 қаңтарда өткен Съезде модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарлама талқыланып, партияны жаңғыртуға бағытталған барлық ұсыныстар Съезд делегаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды. Атап өту керек 28 қаңтарда өткен Съезде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы саяси элитаны ғана емес, бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға шақырды. Алайда бұл оның төңірегінде емес, «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында топтасуды білдіреді. Ал бұл тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі жаңартылған партия болмақ. Осы орайда дайындалған партияның қайта жаңғырту бағдарламасы халықтың сұранысына сай адалдық пен әділдікке, тиімділік пен жауапкершілікке, жеделдік пен ашықтыққа негізделген. Бұл тұжырымдар Қайта жаңғырту бағдарламасын әзірлеу аясында ішкі жұмысты, сараптамалық және әлеуметтік зерттеулерді бағалау және қайтақарау, БАҚ және әлеуметтік желілер мониторингі, қоғамдық қабылдаулар барысындағы өтініштерді талдау, саяси қарсыластар мен бәсекелестердің сындары негізінде жасалды. Бір сөзбен айтқанда қайта жаңғырту бағдарламасының басты мақсаты – партияны жаңа саяси бағытқа бейімдеу, заман ағымына ілесіп, уақыт сынына жауап бере алатын саяси күш болып қалу.
Жиында Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдірді, партияның жаңа атауын Съезд делегаттары да бір ауыздан қолдады. Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді. Бұл – Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңарған партиямызға берілген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім деп білеміз.
Аманбай ЕРХАТОВ,
«Nur Otan» партиясы Саяси
кеңесінің мүшесі, съез делегаты
03 наурыз 2022 ж. 557 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930