Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысының тұрғыны белгісіз тіршілік иесінің қаңқасын тауып алды

Алматы облысының тұрғыны белгісіз тіршілік иесінің қаңқасын тауып алды

Алматы облысындағы Сарқан ауданына қарасты Бақалы ауылының тұрғыны белгісіз тіршілік иесінің қаңқасын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Біздің ауыл тұрғыны үйдегі еденнің астынан белгісіз тіршілік иесінің қаңқасын тауып алыпты. Біз барып, көзімізбен көрдік. Қаңқаның жалпы пошымы  динозаврға ұқсайды екен, бірақ өте кішкентай. Өзіміз де таңқалып отырмыз. Әзірге мұндай қаңқаның тек біреуі ғана табылыпты», - дейді  ҚазАқпарат тілшісімен телефон арқылы сөйлесіп, аталған жаңалығымен бөліскен Бақалы ауылының тұрғыны  Әлібек Ерланұлы.Қазір бұл суреттер әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі табылған қаңқаны ғалымдар зерттеуге алса деген ойларымен бөлісуде.
08 сәуір 2018 ж. 1 351 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031