Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ тұрғыны лотерея билетінен 560 млн доллар ұтып алды

АҚШ тұрғыны лотерея билетінен 560 млн доллар ұтып алды


ҚазАқпарат - 560 млн доллар ұтыс әкелген АҚШ-тағы Powerball лотереясының билеті Нью-Гэмпшир штатында сатылыпты. Бұл туралы жексенбі күні ABC News со телеарнасы хабарлады.
«Біз Нью-Гэмпширде сатылған лотерея билетінен 559,7 млн доллар көлемінде джекпот ұтып алған адамды құттықтаймыз» деп хабарлады телеарна. Ұтыс иесінің есімі әзірге айтылған жоқ. 
Ұтыс ойындары сенбі күні өткен. Ұтыс сандары 12, 29, 30, 33, 61 болып шыққан. Қосымша сан - 26. Шарт бойынша жеңімпаз ақшаны бірден немесе бірнеше жыл көлемінде бөліп ала алады.
Бұл АҚШ тарихындағы көлемі жағынан ең ірі екінші джекпот. 2017 жылы 53 жастағы Массачусетс тұрғыны Мэйвис Уончик 758 млн доллар ұтып алған болатын. Powerball лотереясы АҚШ-тың 44 штатында ойналады. Билет құны 2 доллар, билет сатылымынан түсетін пайда көлемі бірнеше миллиард долларды құрайды.  
07 қаңтар 2018 ж. 1 343 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 38

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930