Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерге құштар өрендер

Өнерге құштар өрендер

Абай ауылдық мәдениет үйінде баланың би өнеріне деген қызығушылығын арттыру, тұла бойының әсем болып қалыптасуына, эстетикалық тәлім-тәрбиеге баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бейімдеу мақсатында ашылған би үйірмесі нәтижесін беріп келеді. Онда25-ке жуық қыз бала тәрбиеленуде.
Би бүлдіршінге сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Этикалық, эстетикалық тәрбиемен қатар, жанға қуат береді. Баланың көркемдік талғамын дамытады. Классикалық бимен айналысу балаларды әдемілікке және қимылдарының нақтылығына үйретеді. Күші мен икемділігін арттырады. Сонымен қатар жинақылықты талап ететін өнер олардың еңбексүйгіштігін көтереді, ерігі мен мінез-құлқын шынықтырады.
– Бала – бұл өнер де би билеп қана қоймайды, ол бір жағынан, спортпен шұғылданады.Денсаулығы мықты болады, әрі өзін жақсы сезінеді.
Жаттығу кезінде құлаққа жағымды әсем, баяу әуенді қосып қойған дұрыс. Соңында әрбір жақсы билеген балаға жоғарғы баға қойып, қызықтырған жөн. Еңбегін Алғыс хатпен бағалап, жігерлендіріп отырудың пайдасы зор, – дейді үйірме жетекшісі Жазира Шунканова.
Үйірменің жылдық жоспарымен таныстырған жетекші жыл басында талапкерлерді қабылдап, репертуарды толықтыруды бастап кеткендіктерін айтады. Ауылда өткізілетін мәдени шаралардың барлығында дерлік биші қыздар өнер көрсетеді. Түрлі байқауларға қатысып, бақ сынап жүрген өнерпаздардың жеткен жетістіктері аз емес. «Би әлемі» атты аудандық бишілер байқауында «Жауқазын» би тобы қатысып, шарт бойынша бірінші кезеңде «Қазақ», екінші кезеңде «Жастар», «Спорт» биін билеп, жүлделі екінші орынды иеленген. Қызылорда қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдығы мерейтойына арналып ұйымдастырылған «Ұлы дала мұрасы» атты халықаралық өнер фестивалінде жүлделі бірінші орынмен марапаттаған. Қазір қоржындарында «Қазақстаным», «Сақ аруы», «Текемет», «Шолпы», «Көктем» қойылымдық билері, қазақ, ұйғыр, өзбек, татар, орыс, корей ұлтының билерімен қоса «Батырлар», «Бозінген» композициялық билері бар.
Үйірме мүшелері аудандық бишілердің шеберлік сабағына жиі қатысады. Алдағы уақытта «Мәдениет пен өнер– адам тұлғасы» атты би үйірмесінің есеп беру концертін өткізуді жоспарлап отыр.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
26 ақпан 2022 ж. 839 0

Жаңа министр ант берді

10 мамыр 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031