Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат үшін «Жаңа Қазақстан» нені білдіреді?

Сенат үшін «Жаңа Қазақстан» нені білдіреді?

Бұл сұраққа Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев «НеКурултай» YouTube-арнасының авторы Ғазиз Әбішевпен өткен сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жаңа заңдар сапалы және пысықталған болуы үшін бізге сарапшылардан кеңес алу, әлемдік тәжірибені талдау, қандай да бір бағыттарда жетістіктерге қол жеткізген адамдармен қарым-қатынас жасау қажет. Сондықтан біз Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубы сияқты алаң құрдық. Біздің клубтың мүшелері заң жобаларын дайындауға белсенді қатысатынын білесіздер. Олар өз пікірлерін ортаға салады, оларға баға береді, заң қабылдау кезінде ескерілетін ұсыныстар әзірлейді. Олар үшін бұл белгілі бір өзін-өзі жүзеге асыру. Сондықтан, қазіргі уақытта жастармен тығыз қарым-қатынас жасау маңызды. Оларда «темірбетон» сияқты қалыптасқан стереотиптері жоқ. Олар белгілі бір ақпаратты, кейбір идеяларды қабылдауға ашық, олар икемді, кейбір нәрселерді өздері өзгертуге дайын. Бұның барлығы - тек жастардың бойында болатын ерекшелік», деді Сенат Төрағасы.
Мәулен Әшімбаев өз сөзінде ашық болу, басқаның пікірін қабылдау, басқа адамдарды тыңдау, қажет болған жағдайда өз ұстанымдарын өзгерту бүгінде үлкен маңызға ие екенін айтты.
«Жаңа Қазақстанның тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында бір-бірімізді тыңдау, бір-бірімізге қолдау көрсету, бір-бірімізден үйрену өте маңызды. Менің ойымша, жаңа Қазақстанды құру үшін осындай кәсіби мамандар тобымен аналитика мектебі бойынша жоба, жас сарапшылар клубы бойынша жоба және біз айналысатын басқа да жобалар жұмыс істейді», деп толықтырды Мәулен Әшімбаев.
24 ақпан 2022 ж. 661 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930