Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер бірқатар салықтан босатылады

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер бірқатар салықтан босатылады

Ұлттық экономика министрлігі саясат және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Эрик Жамбылов "әлеуметтік кәсіпкер" статусына ие болған бизнесмендерге қандай жеңілдіктер жасалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысты заң биыл қаңтарда күшіне енді.
Жамбыловтың айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіп иесінің кірісін молайтуды көздемейді, оның мақсаты қызмет көрсету және тауар өндіру арқылы қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешу.
"Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау үшін бірқатар ынталандырушы шара бар. Мәселен, ерекше қажеттілігі бар қызметкерлер саны 51%-ке жететін ұйымдар корпоративтік табыс салығынан, әлеуметтік және жер салықтарынан босатылады. Сондай-ақ мүлікке салық салу кезінде жеңілдіктер жасалады", - деді Жамбылов орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
Әлеуметтік кәсіпкер атанудың шарттарының бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа тарту.
Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар адамдар, егде жастағы және зейнет жасына жақындаған адамдар, түрмеден босап шыққандар, жетім балалар және тағы басқалары.
Қаңтар айынан бері, оның сөзінше, республикада тек екі әлеуметтік кәсіпкер тіркелген. Екеуі де – Қарағанды облысында.
Бірақ әр тоқсан сайын реестр жаңарады. Өңірлік комиссиялар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінішін қарап, ұлттық экономика министрлігіне өткізеді. Кейін ведомство оларды реестрге тіркейді.
Жамбылов әлеуметтік кәсіпкерлікке қосымша ақша бөлінбейтінін атап өтті. Қаржы бизнесті қолдаудың қолданыстағы тетіктері аясында қарастырылып қойған. Айта кетері, бүгінде Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея елдерінде жақсы дамыған.
18 ақпан 2022 ж. 380 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 61

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 115

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 123

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 87

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031