Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 63 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж

Елімізде 63 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж

БҒМ өкілі инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов студенттік жатақханаларды салу және жаңғырту мәселесі туралы сөз қозғады, деп жазды inbusiness.kz.
"2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын, солардың бірі студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Осы міндетке қол жеткізу үшін жекеменшік сектордың ауқымды қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Біз инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Бұл процеске кезекті әлеуметтік нысанды тұрғызу ретінде емес, табысты, тұрақты және келешегі мол бизнес-жоба ретінде әлдеқайда ауқымды қарауды ұсынамын", – деді спикер. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 63 мыңға жуық студентке жатақханаларда орын жетіспейді. Мұндай жағдай республиканың барлық аймақтарында бар. “Алдағы уақытта студенттер саны өсетін болады. Бұл студенттік жатақханаларға деген сұраныстың артуына әкеледі”, – деді Асқар Ибраимов.
17 ақпан 2022 ж. 495 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 78

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930