Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Жаңа Үкіметтің басты міндетін атады

Тоқаев Жаңа Үкіметтің басты міндетін атады

Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2, көлік саласы 3,6 пайызға ұлғайды. Дегенмен, инфляция деңгейі межеден асып кетті. Бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болды. Өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматымыз зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент қазіргі мәліметтер бойынша бизнеске 100 млрд теңгеден астам көлемде залал келгенін атап өтті.
- «Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл өте маңызды міндет. Сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде санауымыз қажет. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету басты міндеттердің бірі. Ең бастысы азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазіргі уақытта ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізді дамыту үшін атқарылған шаралар мен Үкіметтің алдағы жоспары туралы баяндап жатыр. Одан кейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ақша-несие саясаты туралы айтады. Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық-Қазына» қорының қызметі және оны реформалау туралы баяндайды. Мұнан бөлек, Алматы, Жамбыл және басқа да облыстардың әкімдері және Алматы қаласының әкімі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жағынан есеп береді.
08 ақпан 2022 ж. 495 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 186

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031