Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синтетикалық есірткі қолданатындар қандай күйге түседі

Синтетикалық есірткі қолданатындар қандай күйге түседі

Ондай ауруды емдеуге болады, алайда толығымен жазылып шығу мүмкін емес. Себебі адамның жүйке жүйесі тез бұзылады. Алматы қалалық полиция департаменті "Химиялық өлім" атты деректі фильм шығарды. Бес минуттық бейнебаянға синтетикалық есірткі жасайтындарды ұстау операцияларының хроникасы енді. Сондай-ақ, полицейлер ондай есірткі қолданғандар қандай күйге түсетінін көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Психиатр-нарколог Анна Трубникованың айтуынша, синтетикалық есірткі – өте ауыр. Адам оны бір рет шеккеннен-ақ тәуелді болып қалады. "Көбісі синтетикалық есірткі героиннен жеңіл деп ойлайды. Олай емес. Мысалы, героинмен салыстырғанда "скорость" деген химиялық есірткінің әсері 20 есеге қатты. Жасөспірімдер жеңіл есірткі деп ойлайды да, пайдаланып көреді. Бірақ артынан бізге психозбен түседі, шизофрения болады. Ондай ауруды емдеуге болады, алайда толығымен жазылып шығу мүмкін емес. Себебі адамның жүйке жүйесі тез бұзылады", - дейді Трубникова. Оның айтуынша, бүгінде нашақорлардың өмір сүру ұзақтығы да қысқарып отыр. Себебі есірткінің әсері өте қатты болып кеткен.
"Бұрын нашақор адам, шамамен, 10-15 жыл өмір сүретін. Қазір ол ары кетсе, 5-7 жыл өмір сүреді. Ал кейбір есірткіден кейін екі жылдан соң қайтыс болады", - деп атап көрсетті нарколог. Алматы қалалық полиция департаментінің есірткімен күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетовтың сөзіне қарағанда, синтетикалық есірткіні, көбінесе, жұмыс істемейтін адамдар жасайды. Бірақ өздері шекпейді. Ал есірткіні жасауға қажетті ингредиенттер Ресей мен Украинадан жеткізіледі. Қазақстанда бәрін қосып, синтетикалық есірткі жасайды.
"Бұрын синтетикалық есірткі үшін әкімшілік жауапкершілік болған. Қазір заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Енді ондай тәртіпбұзушылықтар қылмыстық іске жатады. Кінәлі адамдар 6 жылға дейін сотталады", - деді Әлмағамбетов.
16 қыркүйек 2021 ж. 1 327 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 153

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 157

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 154

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031