Қазақ жерінен жойылып кеткен 5 жануар (фото)
Бұрындары Қазақстан аумағын мекен етіп, бүгінде тұқымы тұздай құрыған жануарлар бар. Оның басты себепкері – адамдар. Ұлы далада үйір-үйірімен шауып жүрген тарпаңдар, Іле мен Балқаштың қамысын паналаған жолбарыстар, Арал мен Каспийдің арасында желмен жарысқан қабыландар енді жоқ. Qamshy.kz ақпарат агенттігі қазақ жерінен жойылып кеткен жануарлардың бір парасын назарларыңызға ұсынады.
Тұран жолбарысы
Ресейде жарық көрген «Военный сборник» журналының 1871 жылғы санындағы «Табиғат және аңшылық» деген бөлімінде Сырдария бойында тұратын Шақан деген аңшы жайында мақала басылған. Шақан аңға кеткен бір күні түнде адамжегіш жолбарыс киіз үйге кіріп, баласын өлтіріп, әйелін қамысқа сүйреп әкетеді. Қатты күйінген Шақан жолбарысты өлтірмекке ант береді. Ақыры сөзінде тұрған аңшы бірнеше шұбар аңның көзін жояды. Бұл туралы Мұхтар Мағауиннің «Шақан-Шері» романында егжей-тегжейлі жазылған.
«Тоқсан үйлі тобырды» аңшылықпен асыраған Қамбар батырдың жолбарысты құйрығынан ұстап, басынан айналдыра лақтырып өлтіргені де жырда көркем баяндалады.
Еуропалықтар келгенше Қазақстандағы жолбарыс популяциясы біршама болды. Аң патшасын жоспарлы түрде аулау 1891 жылдан басталады. Жедел атылатын жойқын қарумен жарақтанған орыс армиясы отарланған жерді жыртқыштардан тазалау үшін арнайы отрядтар ұйымдастырды. Жекелеген аңшылар да түгі құлпырған қымбат терісі үшін жолбарысты қынадай қырған.
Тарпаңның екі түрі белгілі: дала тарпаңы және орман тарпаңы. Дала тарпаңының ең соңғысы 1879 жылы Украинадағы «Аскания-Нова» қорығының маңында, орман тарпаңының ақырғы тұяғы 1814 жылы қазіргі Калининград облысы маңында өлтірілген. 20 ғасырда тарпаңның тұқымын қайта шығару үшін Польша мен Германияда жүргізілген іріктеу-будандастыру жұмыстары еш нәтиже бермеді.
Қабылан (гепард)
Қабылан – дүниедегі ең жүйрік аң. Сондықтан қазақ даласын билеген хан-сұлтандар кезінде оны қолға үйретіп, аңға салған. Терісі өте бағалы болғандықтан, көп ауланған. Қабыландар қазір Африка құрлығы мен Таяу Шығыста қалған.
Тоғай бұғысы
Қазақ жерінде салақұлаш сарыала жолбарыстар XX ғасырдың ортасына дейін жортып жүрген. Ерте заманда Сырдария жағасы, қамысы қалың Шу бойы қаптаған жыртқыш екен. Ал Іленің етегінде толып жүрген деседі. Жолбарыс аулау қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері болған. Білектерін арқанмен орап, үстеріне қалың тері жамылған қазақ аңшылары шеріні жалаң қанжармен-ақ жайратып отырған.
Тұран жолбарысының салмағы 250-300 келі тартатын. Бір ерекшелігі – жирен түсті жүнінің бояуы қанық. Қысты күні терісі, әсіресе, қарын тұсының жүні қалыңдай түседі. Тұмсығында қою мұрты болған.
Тұран жолбарысы. Берлин хайуанаттар бағы, 1899 жыл
Ресейде жарық көрген «Военный сборник» журналының 1871 жылғы санындағы «Табиғат және аңшылық» деген бөлімінде Сырдария бойында тұратын Шақан деген аңшы жайында мақала басылған. Шақан аңға кеткен бір күні түнде адамжегіш жолбарыс киіз үйге кіріп, баласын өлтіріп, әйелін қамысқа сүйреп әкетеді. Қатты күйінген Шақан жолбарысты өлтірмекке ант береді. Ақыры сөзінде тұрған аңшы бірнеше шұбар аңның көзін жояды. Бұл туралы Мұхтар Мағауиннің «Шақан-Шері» романында егжей-тегжейлі жазылған.
«Тоқсан үйлі тобырды» аңшылықпен асыраған Қамбар батырдың жолбарысты құйрығынан ұстап, басынан айналдыра лақтырып өлтіргені де жырда көркем баяндалады.
Еуропалықтар келгенше Қазақстандағы жолбарыс популяциясы біршама болды. Аң патшасын жоспарлы түрде аулау 1891 жылдан басталады. Жедел атылатын жойқын қарумен жарақтанған орыс армиясы отарланған жерді жыртқыштардан тазалау үшін арнайы отрядтар ұйымдастырды. Жекелеген аңшылар да түгі құлпырған қымбат терісі үшін жолбарысты қынадай қырған.
«Тұран жолбарысын аулау», суретші С.Т.Нұртазин
Құжаттарға қарағанда, Жетісудағы соңғы жолбарыс 1940 жылы аңшылар оғына ілінген. Арада бірнеше жыл өткен соң Іленің төменгі етегінен ізін көргендер бар.
Кеңес үкіметі 1947 жылы жолбарыстарды аулауға тыйым салғанымен, бұл кеш қабылданған шара болды. 1960 жылдардың ортасынан бастап Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабының бірінші санатына Тұран жолбарысы «жойылып кеткен» түр ретінде енгізілді.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мен Қазақстан үкіметі Ресейдің Қиыр шығысындағы Амур жолбарысын Іле-Балқаш өңіріне жерсіндіруді көздеп отыр. Жобаның құны – 50 млн АҚШ доллары.
Тарпаң – жойылып кеткен жабайы жылқының бір түрі. Қазақстан жерінде XIX ғасырдың ортасына дейін таралған. Шоқтығының биіктігі 136 см-ге жуық, терісінің түгі сұрғылт, арқасында қара жолағы, тікірейген қара жалы болған. Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романында тарпаң жайлы мәліметтер кездеседі. Жазушы тарихи деректерге сүйене отырып, тарпаңды жойқын күшті, ерен жүйрік жылқы деп суреттейді.
Тарпаң мен үй жылқысының буданы. Мәскеу хайуанаттар бағы, 1884 жыл
Тарпаңның екі түрі белгілі: дала тарпаңы және орман тарпаңы. Дала тарпаңының ең соңғысы 1879 жылы Украинадағы «Аскания-Нова» қорығының маңында, орман тарпаңының ақырғы тұяғы 1814 жылы қазіргі Калининград облысы маңында өлтірілген. 20 ғасырда тарпаңның тұқымын қайта шығару үшін Польша мен Германияда жүргізілген іріктеу-будандастыру жұмыстары еш нәтиже бермеді.
Қабылан (гепард)
Мысық тұқымдас бұл жануар XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Каспий мен Арал теңізі аралығындағы шөлді аймақта тіршілік еткен. ХХ ғасырдың 50-жылдарына қарай сирей бастаған қабылан Үстірт пен Маңғыстау түбегінде оқта-текте кездесіп қалып жүрді. Дене бітімі ұзынша, тұрқы 120-150 см, құйрығының ұзындығы 60-75 см. Қалың, қысқа, сарғылт түсті түгінің үстінде қара дақтар болады.
Қабылан – дүниедегі ең жүйрік аң. Сондықтан қазақ даласын билеген хан-сұлтандар кезінде оны қолға үйретіп, аңға салған. Терісі өте бағалы болғандықтан, көп ауланған. Қабыландар қазір Африка құрлығы мен Таяу Шығыста қалған.
Тоғай бұғысы
Бұғының бұл түрі өзен жайылмаларындағы қамыс, тоғайларда өмір сүреді. Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғына дейін Сырдария өзенінің бойын, оның Қызылорда қаласына кіретін жеріне дейін мекендеген. Дене мөлшері шағын, шоқтығының биіктігі 120 см болып келеді. ХХ ғасырдың басында тоғай бұғысы елімізде толығымен жойылған.
Қызылқұм арқары
Қызылқұм арқары – өте сирек кездесетін ашатұяқты жануар. Қазақ жерінде ХХ ғасырдың ортасына дейін Сырдария мен Қуаңдария өзендері сағаларының аралығын мекен еткен. Қазан айының аяғы мен желтоқсанның басында күйлеп, сәуір-мамыр айларында аналығы жалқы қозықа табатын қызылқұм арқары бүгінде Қазақстанда кездеспейді. Дегенмен Өзбекстанда оның саны қалпына келтіріліп жатыр.