«Мен есірткі жайлы айтып беремін!»
Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесі қоғам алдындағы бірінші жау атанды. Бірнеше онжылдықтар бұрын біз есірткіні Қазақстанға қатысы жоқ деп санайтынбыз. Алайда қазір бұл бүкіл әлемге жайылып, біздің мемлекетке де жетті.
Неге адамдар есірткі қабылдайды? Менің ойымша, есірткі арқылы адамдар басындағы мәселесімен арыламын деп ойлайды. Дегенмен бірте-бірте оған деген тәуелділік пайда бола бастайды. Нашақорлар – болашағы жоқ адамдар. Олар тек есірткі туралы ойлап, миын, өкпесін, бауырының қалай бұзылып жатқанын аңғармай қалады. Оған қоса қалтасындағы бар қаражатын есірткіге жұмсайды.
Көптеген жасөспірімдер есірткіні тек бір рет байқап көремін деп ойлап, оған тәуелді болып қалады. Есірткімен күресу ол организм үшін ерекше қиынға түседі. Нашақорлық тек өз өмірі мен денсаулығын құртуға ғана емес, кез-келген қылмысқа, тіпті адам өлтіруге дейін қабілетті.
Есірткі туралы ойды санадан алып тастау қажет. Егер сізде депрессия, стресс болса оны нашамен емес психологтардың немесе жақындардың көмегімен шеш.
Аян БОЛСЫН,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№276 орта мектеп