Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » LRT ісі: Күдіктілер жауап алуға шақырылды

LRT ісі: Күдіктілер жауап алуға шақырылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан жауап алуға шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты «Астананың жаңа көлік жүйесі» LRT, BRT/ITS жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
«Тергеу жинаған айғақтар күдікті Сұлтанбековтің іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясындағы 176 («Ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау»), 235 («Бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару») баптары және қолданыстағы ҚК-нің 189-бабы («Ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау») бойынша саралауға мүмкіндік берді.
Арданның заңсыз әрекеттері 1997 жылғы ҚК-нің 176-бабы, 262-бабы («қызмет бабын пайдалана отырып ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу») және қолданыстағы ҚК-нің 189-бабы бойынша сараланды», делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдіктілер қорғаушыны өз бетінше шақыруға не қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі туралы өтініш жасауға құқылы.
«Егер қорғаушыны күдіктілер немесе олардың заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді», деп түсіндірді Бас прокуратура.
14 қаңтар 2022 ж. 503 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930