Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ескеруге лайық еңбек

Ескеруге лайық еңбек

Қазалы қаласының көркіне көрік қосып, әсемдігін арттыруда еңбек етіп жүрген Мира апаның тынымсыз тірлігі көпке үлгі. Ертемен көше бойын қоқыстан тазартып, айналаға әдемілік сыйлауға кіріседі. Әрине жалғыз емес. Жанында өзі секілді тазалыққа жаны құмар жандар бар.
Он бес жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Мира Қобыланды қаланың көпшілігі таниды. Ұшырасып қалса, амандық-саулықтан кейін алғысын жаудырып жатады. Халықтың ықыласына бөленіп, батасын алған жанды іздеп барғанымызда қаладағы «Ардагерлер алаңы» ауласынан таптық. Жұмыс істеп жүр. Сәл тынығып, сұрағымызға жауап беруге ыңғайланды.
– Біз Қожабақыдан көшіп келдік. Жолдасым Бағыберген Жәди «Ақереке бөбекжай-балабақшасында жұмысшы. Қызым Сымбат ветеринария, ұлым Дәурен Спорт және денешынықтыру мамандығын бітірді. Қызым өз саласы бойынша еңбек етеді. Ұлым жеке жұмыстармен айналысады. Әкем бала күнімізден «ешкімнің ала жібін аттама, үлкенді сыйла, кішіні ізет тұт» деп тәрбиледі. Қонақ келгенде қабағыңды шытпа деп отырушы еді. Ата-ананың ақылын алып, өстік. Одан жаман болмадық. Келін болып түскенде ата-енеммен тұрдық. Олар да мейірімді, ақылшы жандар еді. Осы күні үлкендерден алған тәлім-тәрбиені балаларымның бойына сіңіруге тырысып жүрмін, – дейді еңбекқор ана.
Сөзінен ұжымдағы бірлікті аңғаруға болады. «Басшымыз үнемі хал-жағдайымызды сұрап, денсаулығымызға алаңдаушылық білдіреді», – дей бергені сол еді «Қазалы келбеті–2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Самат Мұсаев қасымызға келді.
– Барлығы осы кісілердің арқасы. Таңертеңгісін жиналып, топқа бөлініп, тазалық жүргізетін аймақтар тапсырылады. Бәрі жұмысқа жанашыр. Мира тиянақтылығымен көзге түседі. Ұқыптылығы және ыждаһаттылығының нәтижесінде қала әкімінің Алғыс хатын алды, – деп кейіпкеріміздің мерейін асырды.
Кез келген уақытта ауа райының қолайсыздығына қарамастан тазалықты қадағалайтын азаматтардың еңбегі ескеруге әбден лайық.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

24 желтоқсан 2021 ж. 529 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031