Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақша құрылысы басталды

Балабақша құрылысы басталды

Балалардың болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстар – мемлекеттің даму деңгейінің көрсеткіші. Осы бағыттағы жобаларға артылар жауапкершіліктің жүгі мол. Аудан көлемінде де аталған салаға назар аударылып, жаңа бастамалар көтерілуде. Мәселен, биыл­ ­мамыр айында Ақтөбе қаласында тұратын жерлес кәсіпкер Болат Сансызбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Туған жерге тағзым» жобасына орай Бекарыстан би ауылында 100 орындық балабақша құрылысын бастады.
Жақында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Бекарыстан би ауылына арнайы барып, балабақшаның құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жеке кәсіпкердің сенімді өкілі Еркін Сансызбаев балабақша жұмысының аяқталуға жақын қалғанын жеткізді. Мұнда балаларға қажетті жатын және ойын бөлмелері, жуынатын және тамақтанатын орын қарастырылған. Құрылысқа қажетті материалдар аудан кәсіпкерлерінен сатып алынуда.
Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жеке кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, құрылыстың сапалы аяқталуын айтты. Сонымен қатар, Майдакөл ауылдық округінің әкімі Қонысбек Құрманбаевқа балабақшаға балалар қабылдауға дайындық жұмысын осы бастан жүргізуді тапсырды.
Бекарыстан би ауылына сапары кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ү.Түктібаев атындағы №24 мектеп пен ауылдық мәдениет үйіне де арнайы барып, қысқы жылу беру маусымының дайындығымен танысты.

Серік АҚМЫРЗА
05 қазан 2021 ж. 895 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031