Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бекарыстан би ауылында 100 орындық балабақша салынуда

Бекарыстан би ауылында 100 орындық балабақша салынуда

Биылғы жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласында тұратын жерлес кәсіпкер Болат Сансызбаев Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Туған жерге тағзым" жобасына орай Бекарыстан би ауылында 100 орындық балабақша құрылысын бастады.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Бекарыстан би ауылына арнайы барып, балабақшаның құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жеке кәсіпкердің сенімді өкілі Еркін Сансызбаев балабақша құрылысы аяқталуға жақын қалғанын жеткізді. Мұнда балаларға қажетті жатын және ойын бөлмелері, жуынатын және тамақтанатын орындар қарастырылған. Құрылысқа қажетті материалдар аудан кәсіпкерлерінен сатып алынуда.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеке кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, құрылысын жұмыстарын сапалы аяқтау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Майдакөл ауылдық округінің әкімі Қонысбек Құрманбаевқа балабақшаға балалар қабылдауға дайындық жұмыстарын осы бастан жүргізуді тапсырды.
Бекарыстан би ауылына сапары кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ү.Түктібаев атындағы №24 мектеп пен ауылдық мәдениет үйіне де арнайы барып, қысқы жылу беру маусымына дайындықтарымен танысты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
30 қыркүйек 2021 ж. 961 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031