Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер коронавирустың жаңа симптомын сипаттап берді

Дәрігерлер коронавирустың жаңа симптомын сипаттап берді

Мәскеудегі дерматовенерология және косметология ғылыми-практикалық орталығымен бірге Коммунарка ауруханасының мамандары COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарда кездесетін тағы бір симптомды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында "Известия" газетінде басылған мақалада айтылады.

"Ковид саусақтарының" симптомы немесе аяқ-қолдың жалған үсік шалуы туралы сөз болып отыр.
Сыртқы көріністе мұндай патология қолдың немесе аяқтың суық шалуына ұқсайды, кейде қызыл бөртпелер пайда болады. Науқастар жиі қышу, ауырсыну, ісіну белгілеріне шағымданады. Жазылған еңбекте сондай-ақ COVID-19-дың мұндай көріністері бірнеше айға созылған жағдайларға да тоқталған. 
Әдетте бұл жағдайлар қолайсыздық туғызады. Дәрігерлердің сараптамасына сәйкес, коронавируспен ауыратын науқастардың шамамен 20 пайызында тері белгілері ұшырасады.
Дерматологтар мұндай көріністері бар науқастар ауыр зардаптарды болдырмау үшін қанның коагуляциясының ерекшеліктерін тексеруі қажет деп ескертеді.
COVID-19 індетін жұқтырған науқастардың денсаулығын диагностикалау орталығының басшысы Мария Петинаның айтуынша, "ковид саусақтары" симптомы әдетте балалар мен жасөспірімдерде кездеседі, бірақ соңғы уақытта ол егде жастағы адамдарда көбірек басым болып жүргенге ұқсайды.
Дәрігер жалған үсік шалу көріністері науқастың организмінде елеулі ақаулар бар екенінің көрінісі деп атады.
Дәрігер-дерматолог Татьяна Сулиманың айтуынша, бөртпе кез келген жерде – іште, кеудеде, арқада, аяқ-қолда, бетте, ауыз қуысында, мұрын-жұтқыншақта оқшаулануы мүмкін.
"Науқастар дерматологиялық ауруларға шағымданады және олардың қайдан шыққанын түсінбейді. Оның үстіне, коронавирусқа талдау жасаған уақытта оларда жоқ болып шығады. Бірақ белгілі бір уақыттан кейін (2-3 күн) мұрын мен тамақтың шырышты қабатының жағындысы науқаста вирус барын көрсетеді", - деп түйіндеді дәрігер.

08 қараша 2021 ж. 321 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 29

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031