Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай шахтасында жарылыс болды: 6 адам қаза тапты

Абай шахтасында жарылыс болды: 6 адам қаза тапты

7 қараша күні Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz.

"Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды әкім Facebook-те.
“Алдын ала мәлімет бойынша, шахтада 64 жұмысшы болған. Жер бетіне шығу жұмыстары жүргізілуде”, - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Оқиға орнына Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті және ТЖД Орталық штабының қызметкерлері мен техникалық қызметкерлері шықты.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Оқиға орнына ҚР премьер-пинистрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия аттанды.
Бұл Абай кенішінде орын алған мұндай қайғылы оқиға бірінші рет емес. 2008 жылы 11 қаңтарда мұнда жарылыс болып, 30 кенші қаза тапты. Қайғылы жағдайға шатырды отырғызу кезінде ұшқын шығып, технологияның бұзылуы себеп болып отыр. Оқиғаны тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылауға жауапты екі шенеунік қызметінен айырылды.
07 қараша 2021 ж. 364 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 43

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930