Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері 251 адам өрттен көз жұмды

Жыл басынан бері 251 адам өрттен көз жұмды

Төтенше жағдайлар министрлігі дамыған елдердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесін зерттеп, әлемдік өрт статистикасына талдау жасады. Биыл елде өрт азайғанына қарамастан, қаза болғандар саны өсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстанда жыл басынан бері 7 515 өрт тіркелді. Салдарынан 251 адам көз жұмып, тағы 217 адам әртүрлі дәрежеде күйік шалып, уланып қалды. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өрт саны 7%-ке төмендегеніне қарамастан, қаза болғандар саны 20%-ке, жарақаттанғандар саны 18%-ке өскен", - деді Ильин үкімет отырысында.

Айтуынша, тұрғын үй секторында 4 371 өрт шықты, бұл өрт жалпы санының 58%-і.
Ең күрделі жағдай Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қалыптасып отыр. Бұл облыстарда өрт пен қаза болған адамдар саны республикадағы орташа көрсеткіштен 2-3 есе асып түседі.
Төтенше жағдайлар министрлігі дамыған елдердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесін зерттеп, әлемдік өрт статистикасына талдау жасаған.
"Ғылыми зерттеулер өрт шыққаннан кейін адам 5-6 минуттан кейін жан тапсыратынын көрсетті. Егер Қазақстанда әрбір 36-шы өртте адам өлімі тіркелсе, АҚШ-та бұл көрсеткіш 10 есе төмен, 360 өртке бір адам келеді. Ал Ұлыбританияда 14 есе, Францияда 27 есе төмен", - деді Ильин.
28 қыркүйек 2021 ж. 429 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031