Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдер мен министрлердің ақшасына бақылау жүргізіледі

Әкімдер мен министрлердің ақшасына бақылау жүргізіледі

Бүгін Сенатта қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қатысты заң қабылданды. Оған сәйкес енді лауазымды тұлғалардың қаржы операцияларына заңнамалық тұрғыда бақылау жүргізіледі, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Жаңа норма бойынша лауазымды тұлғалардың тізімін Қаржы мониторингі агенттігі жүргізеді. Бұл тізімге кім кіруі мүмкін екенін Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Ермек Оспанов айтты.

"Соңғы нақты тізімді президент бекітеді. Ал халықаралық тәжірибеге сәйкес, оған Үкімет мүшелері, биліктің сот және заң шығарушы тармақтарының өкілдері кіреді. Сондай-ақ жоспар бойынша тізімге облыстардың, аудандардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мен орынбасарлары кіреді. Бұдан бөлек партия жетекшілері, министрлер, вице-министрлер мен ұлттық компания басшылары да тыс қалмайды", — деді Ермек Оспанов.

Ал Сенатор Ольга Перепечинаның айтуынша, нақты тізім келесі жылы пайда болуы мүмкін.
Егер президент Заңға 2022 жылы қол қойса, онда ол 60 күн ішінде күшіне енеді. Бақылауға лауазымды тұлғалардың өзінен бөлек, олардың жұбайлары мен жақын туыстары, яғни балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары, тіпті немерелері де алынады,— деді Перепечина.
04 қараша 2021 ж. 452 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031