Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі бейнебақылау камераларының жұмысымен танысты

Аудан әкімі бейнебақылау камераларының жұмысымен танысты

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кенті әкімдігі жанында орналасқан полиция бекетіне барды. Мұнда аудан басшысы кент көшелеріне орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда кенттің 10 нүктесінде Оңтүстік Кореяда жасалған "Hikvision" камералары жұмыс істеп тұр. Түсіру сапасы өте жақсы құрылғылар 360 градуста, 200 метр қашықтыққа дейін жақындата алады. Жаңа камералар арқылы аудандық полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтардың алдын алуға зор мүмкіндік туып отыр.
Қызылордалық “BARLAU" LTD" компаниясы орнатқан бейнекамералар толықтай қараша айының соңына дейін іске қосылады.
Мұнан соң Мұхтар Оразбаев және аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автокөлік жолы маңында орналасқан Басықара каналының 118 және 212 бекеттеріне арнайы барып, Құмкөл көлінің сағасын тазалау жұмыстарын талқылады.
1,5 шақырымға созылып жатқан көл сағасын тазартып, су деңгейінің көтерілуі қыр беткейдегі тұрғындар үшін қаншалықты маңызды екенін тілге тиек еткен аудан басшысы сала мамандарына арнайы тапсырма беріп, қыс мезгіліне дейін жеткілікті мөлшерде су жиналуын қадағалауды жеткізді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
15 қыркүйек 2021 ж. 444 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 135

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 126

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031