Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қаулы: «Қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күні жұмыс істейді

Жаңа қаулы: «Қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күні жұмыс істейді

ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құжатта жазылғандай, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс және демалыс күндері «қызыл» және «қоныр қызыл» аймақтарда орналасқан өнірлерде сағат 00.00-ге дейін ашық болады. Ал жоба көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. «Сары» аймақта орналасқан облыстардағы нысандар сағат 01.00-ге дейін, жоба көшбасшылары сағат 03.00-ге дейін жұмыс істейді. «Жасыл» аймақта орналасқан өнірлерде сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 05.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді. Талап бойынша демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болуы тиіс. Десе де «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автокөлік бекеттеріне, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», - делінген қаулыда. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталуы тиіс. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін балалар үйлеріне бара алады.
21 қазан 2021 ж. 321 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 30

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 30

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 33

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031