Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгіннен бастап кейбір өңірдегі нысандардың жұмыс уақыты ұзартылады

Бүгіннен бастап кейбір өңірдегі нысандардың жұмыс уақыты ұзартылады

"Қою қызыл" аймақтарда сауда-ойын-сауық орталықтары 9 тамыздан бастап қандай режиммен жұмыс істейтіні туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпараты бойынша, "қою қызыл" аймақтарда 9 тамыздан бастап "Ashyq көшбасшысы" мәртебесі бар нысандарға сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жүйесіндегі басқа нысандарға сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат беріліп отыр.
Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысында Ashyq жүйесіндегі сауда-ойын-сауық орталықтары "жасыл" және "сары" аймақтарда шектеусіз жұмыс режиміне жіберілсе, "қызыл" аймақтарда сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын.
Ал "қою қызыл" аймақта сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсете алатыны айтылған еді. Ендігі шешім бойынша аталған нысандардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылып отыр деген сөз.
"Қою қызыл" аймақ статусы бір апта инфекциялық төсектердің жүктелім көрсеткіші 70%-дан асқан және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған өңірлерге беріледі.
09 тамыз 2021 ж. 350 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды