Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк бағаның өсуін қалай тоқтататынын айтты

Ұлттық банк бағаның өсуін қалай тоқтататынын айтты

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляцияны 2022 жылы 4-6% дәлізге қалай қайтаратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, биыл инфляцияның жеделдеуіне азық-түлік бағасының шарықтауы себеп болған. Сегіз айдың қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы 11,4%-ке өскен.

"Оны осы жылдың соңына қарай 8%-ке дейін төмендету үшін үкімет пен әкімдер реттеушілік сипаттағы және монополияға қарсы ықпал етудің тиімді уақытша шараларын негізге алып, жекелеген нарықтарда маусымдық күтпеген өзгеріс мен теңгерімсіздікті жою бойынша жедел шаралар қабылдайды", - деді Досаев үкімет отырысында.

Инфляцияны тұрақтандыру үшін үкімет тауарлар өндірісі, экспорты мен импорты балансын қатаң сақтай отырып, ішкі нарықты жан-жақты толықтыру, агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігін арттыру және тиімді тауар өткізу жүйесін дамыту жөніндегі бастамаларды іске асырмақ.

"Бұл азық-түлік инфляциясын 2022 жылы 6%-ке дейін және 2023-2024 жылдары 5%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді", - деді ол.
Ұлттық банк азық-түлікке жатпайтын инфляция 2022 жылы 5%-ке дейін, ал 2023-2024 жылдары 4%-ке дейін төмендейді деп болжап отыр.

Досаев 2023 жылдан бастап бағаны әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге ауысуды бастау орынды деп есептейді. Бұл сервистік инфляцияны 2022-2024 жылдары 4% деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Айтуынша, ұсынылатын шаралардың тиімділігі көбіне өңірлердегі жұмыстың жұмыла ұйымдастырылуы мен үйлестірілуіне байланысты болады. Сол себепті Ұлттық банк инфляцияны тұрақтандырудың арнайы жоспарларын қабылдап, өңірлермен бөлек-бөлек жұмыс жүргізуді ұсынды.

Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады.

07 қыркүйек 2021 ж. 442 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031