Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек 42% артады

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек 42% артады

1 жасқа дейінгі балалар проактив бақылау және скринингпен қамтылады. Ұлттық жоба аясында 2025 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық көмек түрі 3 есеге дейін ұлғаяды. Осылайша, оларға көмек көрсету бойынша көрсеткіш 18%-дан 60%-ға дейін өседі, – деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Бұл туралы Informburo.kz сайты жазды. 
«Ұлттық жобаға жалпы 3,6 трлн теңге бөлінді. Ол төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт – медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасымен, екінші бағыт – эпидемиологиялық болжам жасау және осы болжамға сай әрекет етумен, үшінші бағыт – отандық фармацевтикалық саланың дамуымен, төртінші бағыт спортпен айналысатын, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар санын арттырумен байланысты болмақ. Осылайша, біз медициналық қызмет сапасына көңілі толатын тұрғындар санын 80%-ға жеткіземіз, ауылдық жерлерді 100% алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарымен қамтимыз, 40 денсаулық сақтау объектісін және 2 ғылыми орталықты қайта қалпына келтіреміз деп жоспарлап отырмыз», – деді Алексей Цой.

Әрі қарай министр жүкті әйелдер мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлініп отырғанына тоқталды. Осы орайда, біріншіден, жүкті әйелдер босанғанға дейін жеке және диспансерлік бақылауда болатынын, екіншіден, 1 жасқа дейінгі балалардың проактив бақылау және скринингпен қамтылатынын айтты.

«Үшіншіден, қосымша 8 балаларды оңалту және 8 өңірде 2 ерте көмек көрсету орталығын құрамыз. Бұл өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық көмектің 3 есе көп көрсетілуіне әсер етеді. Оларға арналған көмек түрі 18%-дан 60%-ға дейін өседі. Сапалы медициналық көмек көрсету мамандардың біліктілік деңгейіне тікелей байланысты. Осы мақсатта аса қажет мамандар тапшылығын жою үшін резидентура грантының санын 3800-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Салыстырмалы түрде биыл 1500 грант бөлінген еді. Мұнымен қатар, 2025 жылға қарай 156 маманды әлемнің алдыңғы қатардағы орталықтарында оқыту жоспарланып отыр», – деп қосты Цой.

Мұнымен қатар, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов елде салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар санын 2025 жылға дейін қандай жолмен көбейтуді жоспарлап отырғанын бөлісті.

«Қазақстандықтардың 31,6%-ы спортпен шұғылданады. Осы көрсеткішті 50%-ға жеткізу үшін бірінші кезекте дене шынықтыру орталықтарын саламыз. Екіншіден, жан басына қаржыландыру механизмі бойынша спорт секциялары көптеп ашылады. Әсіресе, жергілікті жерлерде спорт секцияларының саны айтарлықтай көбейетін болады. Сондай-ақ, республика бойынша, спортпен байланысты іс-шаралар санын арттырамыз», – деп сендірді Нұрқиса Дәуешов.
16 қазан 2021 ж. 262 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930