Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің орынбасары Қазалы ауданында

Облыс әкімінің орынбасары Қазалы ауданында

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов жұмыс сапарымен Қазалы ауданына келді. Басты мақсат – жеке кәсіпкер Төребек Игіліковтың балық ұнын шығаратын цехтың жұмысымен танысу.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкер балық қалдықтарынан ұн және жем дайындайтын украиналық замануи техниканы сатып алған. Бұл құрылғы «Еуро 4» стандарты бойынша ұн және жем шығарады.

Төребек Игіліков жобаны іске асыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 20 млн теңге және өз қаражаты есебінен 10 млн теңге қаржы жұмсаған. Цех үшін Әйтеке би кентіндегі«Өндірістік аймақтан» арнайы ғимаратты да дайындаған. Төребек Игіліковтың айтуынша, Қазалы ауданы үшін жаңа кәсіптің түрін бастап кету үшін көгілдір отын аса қажет.

Аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков Әйтеке би кентіндегі «Өндірістік аймаққа» көгілдір отын жеткізу үшін жоба әзірленгенін, оның іске асуы үшін 25 млн теңге қажет екендігін жеткізді.
Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов жеке кәсіпкер Төребек Игіліковтың жаңа жобасын іске асыру үшін «Өндірістік аймаққа» табиғи газ жеткізу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
19 қазан 2021 ж. 298 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930