Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Microsoft Қытайда LinkedIn-ді жабады

Microsoft Қытайда LinkedIn-ді жабады

Microsoft корпорациясы Бейжің тарапынан қатаң шектеуге байланысты LinkedIn-ді жабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
Компания өз хабарламасында сайтты тоқтату "күрделі операциялық жағдайға және Қытайдағы заңнаманы сақтауға қойылатын қатаң талаптарға" байланысты болғанын мәлімдеді.
LinkedIn "тыйым салынған ақпаратты" таратқан Қытайдағы америкалық журналистердің парақшаларын бұғаттағаны үшін сынға алынды. Дәл осындай себеппен академиктер, мемлекеттік қызметкерлер және басқа да қайраткерлердің парақшалары бұғатталды. Құқық қорғау ұйымдары бұл істі айыптады.
Әлеуметтік желінің 2014 жылы іске қосылған локализацияланған платформасы Қытай заңдарына сәйкес келуі керек.
LinkedIn - Қытайда жұмыс істейтін америкалық үлкен компания, өйткені үкімет Facebook және Twitter сияқты танымал желілерді бұғаттап тастаған.
Әлеуметтік медиа сайттары Қытайда қатаң ережелерге бағынады, үкімет талабы бойынша Қытайдағы қолданушылардың жеке деректерін жіберуге міндетті. Сондай-ақ, платформалар Қытайдың билеуші Коммунистік партиясын сынға алған хабарламаларды жоюға міндеттеледі.
15 қазан 2021 ж. 455 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 139

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 137

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 147

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031