Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда «Linkedin» интернет-ресурсына қолжетімділік қалпына келтірілді

Қазақстанда «Linkedin» интернет-ресурсына қолжетімділік қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі linkedin.com интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты туындаған жағдай бойынша «Linkedin» компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Linkedin» сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады. Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен linkedin.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды. «Linkedin» компаниясының өкілдерімен өзара сындарлы диалог құрып, қос тараптың тиімді ынтымақтастығын одан ары жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.
29 шілде 2021 ж. 399 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031