Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Психологтар «Кальмар ойыны» балалар үшін аса қауіпті екенін айтты

Психологтар «Кальмар ойыны» балалар үшін аса қауіпті екенін айтты

Психологтардың айтуынша, «Кальмар ойыны» балалар психикасы үшін аса қауіпті. Телехикаяны бастауыш сынып оқушылары көріп ғана қоймай, фильмдегі ойындарды мектепте қайталап жүр. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Кореяның «Кальмар ойыны» телехикаясы 9 бөлімнен тұрады. Фильмде қарызға белшесінен батқан 456 адамның тағдыры баяндалады. Адамдарды әр ойын сайын қатыгездікпен өлтіреді. Мұны психолог мамандар қауіпті деп санайды.
Психолог Камила Асыпқызы: «Баланың ойыны деп айтады. Бірақ бұл баланың ойыны емес. Бұл адамның, баланың санасын улайтын ертеңгі күні жалпы халқымызға дерт болатын қауіпті ойын. Қауіпті ойын деп айтатын себебім, бұл бірінші кезекте бейсаналы түрде адамның жан дүниесіне енеді. Өсе келе соған қадамдар жасайды», – дейді.
[media=]
Әлеуметтік желіде кеңінен таралған телехикая көрсетіліміне  ата-аналар да қарсы. Себебі, «Кальмар ойыны» сериалынан кейін балалар ондағы көріністерді аулада қайталап жүр.
«Осы кинодан кейін, аулада балалар кәдімгідей сол ойынды ойнап жүр. Адам өлтіру олар үшін ойын сияқты. Оларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіру, әлі түсінбейді балалар. Сондықтан көрсетпеген дұрыс деп ойлаймын», – дейді ата-ана.
Әлемнің 90 елінде үздік ондыққа енген киноның сценарийі 13 жыл бойы жазылған. Мамандардың айтуынша, фильмдегі қатыгездік адам психикасына әсер етпей қоймайды.
13 қазан 2021 ж. 697 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031