Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда вакцина алғандар ғана жұмысқа жіберіледі

Қазақстанда вакцина алғандар ғана жұмысқа жіберіледі

Енді жұмысқа вакциналанған қызметкерлерді ғана кіргізеді. Вакцина салдырмағандар әр апта сайын вирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтама көрсетуге тиіс, деп хабарлайды sputnik.kz.
Қазақстанда жұмысқа коронавирусқа қарсы вакцина алғандарды кіргізу ресми түрде бекітілді. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының толықтырылған бұйрығы НҚА ақпараттық-құқықтық жүйе сайтында жарияланды.
Өзгерістер денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына енгізілді.
49-тармақ 11 және 12 тармақшалармен толықтырылды:
  • 11) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитар дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакцина алған жұмыскерлерге кеңсеге барып жұмыс істеуге рұқсат беру;
  • 12) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитарлық дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған жұмыскерлерді міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет), тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып шыққан адамда медициналық анықтама болған жағдайда кеңседен жұмыс істеуге жіберу.
Бұйрық 2021 жылдың 17 қазанынан күшіне енеді.
Бұған дейін республикада жұмысшылардың вакцина паспорты мен ПТР-тестілерін тексеруді заңдастыру жоспарланып отырғаны хабарланды. Құжат  20 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
09 қазан 2021 ж. 296 0

Ауылдың рухани айнасы

21 шілде 2026 ж. 71

Акцияға атсалысуда

21 шілде 2026 ж. 55

Әйел – ұлттың ұйытқысы

21 шілде 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031