Ғасыр жасаған ана

Ел басына күн туғанда әкелеріміз ат үстінен түспесе, аналарымыз тылда тірлік жасаған. Мұның астарында ұлт болашағы, ұрпақ қамы жатыр. Осындай қажырлы қайратымен ғасыр куәгері атанып отырған абыз ана – Ілия Рысқұлова бүгінде 101 жаста.
Ұрпақтарына мәуелі бәйтерек болып отырған кейуананы құттықтауды қаперден шығармаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ғасыр жасаған ананың шаңырағына арнайы барып, Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, ерекше сый-құрмет көрсетіп, ақ батасын алды.
Мерейлі мереке иесін аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов та құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Абзал ЖОЛТЕРЕК