Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүздіктен шыққан үздік

Жүздіктен шыққан үздік

«Тегінде, адам баласы ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», – деген Абай қандай дана десеңші! Айтқандай-ақ, қазіргі дамыған заманда көшбасшы ел деп танылған мемлекеттер технологияға, білімге ден қойған. Солардың аты жұрттан озды. Қазақстан сияқты жас мемлекетке «Ондай болмақ қайда?» деу қисынсыз екенін алға тартқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жұртын бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасын қуатты етуге нақты тапсырмалар берді. Нақтысын айтсақ, ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін арттырып, ұрпақ тәрбиесіне ден қойды. Осыдан келіп «Қазақстанның үздік 100 мұғалімі» атты республикалық педагогикалық сайыс алғаш рет жұмысын бастады да, аталған дипломның бірі Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің қызметкеріне бұйырды.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ауқымды жоба төсбелгісінің иегері Анар Ахметова аталған колледж директорының өндірістік оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Шәкірт тәрбиелеп келе жатқанына он бес жылға жуықтаған ұстаз 2006 жылы №5 кәсіптік мектепте арнайы пән оқытушысы болып бастаған. Жас, жалынды ұстазға тән жарысқа қатысса жүлде алмай қайтпайтын мінез Анарда осы кезден бастап қалыптасты.
2008 жылдан бастап облыстық арнайы пән оқытушыларының арасында өткізілген сайыстардың барлығына дерлік қатысып, жүлделі орындарды иемденіп келеді. Республикалық үздік өлшеу құралы байқауында бірінші, «Жасыл экономика – жасыл ел» байқауында бірінші орынға ие болды. Теміржол мамандығы бойынша студенттері сайыстарда колледж, аудан, облыс абыройын қорғап жүргені тағы бар. Анар Барлыққызы Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ғасырға жуық тарихы бар теміржол тарландарын даярлаған киелі оқу орнының жаңашыл оқытушысы ретінде республикалық жобаларға да үлесін тигізуде. Мәселен 2017 жылы өткен ЭКСПО көрмесіне ұсынған жобасы көрмеге қойылған еді. Жаңашыл ұстаздың бұдан өзге марапат, жетістігін толық тізіп шықсақ ұзаққа кетеріміз анық. Бастысы, Анар алар асуы алда екенін жете ұғынып, шәкірт тәрбиесін қосар үлесі көп екенін анық біледі.
– Екі жыл бұрын «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасына портфолиямды жолдадым. Онда көп дауыс жинағаныма қарамастан жинаққа ілікпедім. Сайыста бағым жанбағанына налымай, студенттерімді түрлі деңгейдегі сайыстарға дайындауымды тоқтатқан жоқпын. Ел астанасындағы ЭКСПО-ға күн сәулесінен энергия алатын құрылғымды ұсынып, өнертапқыш кандидатына қол жетті. Шәкірттерім жарыстарда жиі жеңімпаз атанып жүргендіктен ұлттық рейтинг бақылаушылары осы жүлдеге лайық деп тапса керек. Бұл мені одан әрі шабыттандырды. Әрі-беріден соң студенттер ұстазымен мақтанғанын көргеннен асқан қуаныш жоқ шығар, – дейді жоба жеңімпазы.
Қазалы ауданының білім саласы елдегі озық көрсеткіш көрсетіп жүрген ауданның бірі деп айтуға толық негіз бар. Мұндағы ұстаздар мен шәкірттердің күн сайын елге қуанышты хабар жеткізетіні көңілді марқайтады. Асылы бұл білімге құмар, бәсекеге қауқарлы ұрпақ өсірудегі мемлекет саясатының көріне бастаған нәтижесі болар.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
02 қазан 2021 ж. 397 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 61

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 62

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 51

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031