Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент көркейіп келеді

Кент көркейіп келеді

Кез келген мекеннің жөндеуден өтіп, көрікті кейіпке енуі сол жергілікті жердің экономикалық көрсеткішінен сыр шертіп, даму перспективасын аңғартады. Қазірде бұл бағытта мемлекет тарапынан кең қолдау болып, елдегі әлеуметтік нысандар әрленіп, көшелер түзеліп, жаңа ғимараттар бой көтеруі қалыпты жағдайға баланып барады. Осындай оң өзгеріс, жаңашылдық пен жаңалық табы аудан орталығы – Әйтеке би кентінен де көрініс беруде.
Мазмұны әралуан, бағыты бір жұмыстардың жүзеге асырылуы ел игілігіне жұмылдырылған батыл бастама көрінісі.
Жыл санап аудан орталығында автомобиль қатынасы артуда. Олардың қатарында қызметтік, жеке, қоғамдық көліктер бар. Аудан тұғындарынан өзге кәсіпкерлігі көкжиегін кеңіткен кентке келген тасымал құралдары мен қонақтар мәшинелері жүргіншілер үшін айтарлықтай қиындық тудыратын. Осы жылы қолға алынған жүйелі жұмыстың бірі – Жалаңтөс батыр көшесіне жаяу жүргішілер жолын салу болды. Ұзындығы 1,960 шақырымды құрайтын аяқ жол Т.Бөріқұлақов – Т.Бокин көшелері аралығын қамтиды. Жақында толық орындалып, пайдалануға берілетін құрылыстың игілігін көрер күн алыс емес. Көшелердегі бейберекетсіздікке тосқауыл қойып, тыныштықты түзеуге қойылған 10 бейнебақылау камерасы да өз ықпалын тигізуде. Бүгінге дейін бақылау қондырғылары арқылы жол қауіпсіздігін бұзу жағдайлары анықталып, қауіпсіздік туралы түрлі жұмыстар атқарылуда.
Аудандағы көрікті орынның бірі саналатын Қ.Пірімов көшесіне тұрғындармен бірге келуші қонақтар тынығуды әдетке айналдырған. Бұл көшедегі аллеяны күтіп ұстау жұмыстары, ескерткіш қабырғаларының гранит плиткаларын ауыстыру, жарықшамдар, орындықтарды жөндеу, сырлау, жарықшамдар лампаларын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне де назар аудыралған. Әйтеке би кентіне кіреберіс автожолда орналасқан бас қақпаны жарық диодты жарықшамдермен безендіру ісі Әйтеке би кентіне кіреберістен бастап сәулеттендіру үшін бас қақпаға безендіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Кент әкімі Қайрақбай Орынбасаровтың айтуынша, қазіргі таңда қажетті материалдар жинақталуда. Қазан айында іске қосу жоспарланған.
Ауданның бедеріндей болған теміржол вокзалы жанындағы «Әйтеке би» ескерткіш маңында қазалылықтар үшін ерекше орын. Алаңды абаттандыру мақсатында қоршау асты іргетасын қайта жаңалау, сырлау, жөндеу, түнгі жарықшамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Спорт – денсаулық кепілі. Бұл бағытқа ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауында ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы мақсатта қолға алынған Желтоқсан көшесінің соңғы жағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына спорттық ойын алаңын орналастыру орайлы істің бірі болып отыр.
– Бұрын балаларымыздың спортпен айналысуы қиын болатын. Ол үшін аудандағы жалғыз стадионға жол тартатын. Қазір жас та, жасамыс та салауатты өмір салтын ұстануды қағидаға айналдырып отыр. Осы орайда көкейдегіні дөп басқан жаңа алаң денсаулығымызды түзеп, ертеңге батыл көзқарас қалыптастыруға септігін тигізері анық, – дейді Желтоқсан көшесінің тұрғандары. Көлемі 30 х 15 метр болатын футбол алаңына жасанды газон төселіп, тор сеткамен қоршалмақ. Нысан қазан айында пайдалануға беріледі.
Қ.Сәтбаев тұйығында тұрындарды шаттыққа бөлеген жағымды жаңалық – осы маңға тренажер алаңын орналастыру. Өткен жылдың соңында аудан әкімі есебінде айтылған мәселені жүзеге асыруда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер мекеме анықталған соң, құрылыс қазан айынан басталмақ. Жоспар жүзеге асса, бұл жерге 10 дана тренажор құрылғысы қойылып, спорттық алаң қоршалады.
Жаңа жобалармен бірге аудандағы өзге де көріністерге көңіл бөлу назардан тыс қалмаған. 5-квартал аймағындағы қорымды қоршау жұмысын жүргізуге келісімшарт жасалған «СарымҚұрылыс» ЖШС ісі өткенге құрмет – бүгінге міндет екенін ұғындырғандай.
Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Жақсыбайұлы: «Кент бойынша аяқсу арықтарын жүргізу үшін жобалық іздестіру, топосъемкаға түсіру, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарына қаржы сұрау, кент көшелерін жарықтандыру жұмыстарының жоба сметалық құжаты дайындалды.
Желтоқсан көшесіне аяқсу лотогін орнату үшін алдын ала зерттеу, жоба-сметалық құжаттары әзірлеп, сараптамадан өткізу үшін қаржы бөлінуде.
Р.Бағланова көшесі және Әйтеке би кентіне кіреберіс автожолдағы түнгі жарықшамдар бағаналарын ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала зерттеу, жоба-сметалық құжаттары әзірлеп, сараптамадан өткізу үшін қаржы қаралуда. Қазіргі таңда әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Сондай-ақ Р.Бағланова және Т.Бөріқұлақов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салуды ойлап отырмыз. Сметалық құжаттары әзірленуде», – деп алдағы жұмыстар туралы мәлемдеді.

А.МЕЙІРХАН
28 қыркүйек 2021 ж. 331 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 104

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 89

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 71

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031