Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңашыл жоба игілігі

Жаңашыл жоба игілігі

Өздеріңізге белгілі биыл аудан көлемінде бірқатар маңызды жобалар іске асуда. Оның ішінде әлеуметтік нысандар, білім ошақтарына жөндеу жүргізіліп, аудандық маңыздағы автомобиль жолдары, кентішілік көшелер айтарлықтай жақсарып қалды. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған» жол картасы бағдарламасы аясында жыл аяғына дейін 42 жоба жүзеге асып, тұрғындар игілігіне беріледі. Осындай бастамалардың арқасында жүздеген адам жұмысқа тұрып, отбасын асырауда.
Негізінен аталған жобалардың 30-ы аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы болса, тағы 3-еуі мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жарияланған. Қалған 9 жобаның тапсырыс берушілері облыстық басқармаларға қарасты болуына байланысты мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы іске асырылды.
Ауданға қарасты 33 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланып, барлығының жеңімпазы анықталды. Бүгінде олар жұмысын бастап кетті. Дегенмен тағы бір бағдарлама үшін сатып алу конкурсы жүргізіліп, қайта бағыттау арқылы Әйтеке би кенті, Үмбет би көшесіндегі №11, №13 және Жанқожа батыр көшесіндегі №83, 85 көппәтерлі үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін ағымдағы жылдың 4-ші тамызында конкурс жеңімпазы анықталған. Мердігер компания «Орда-ТехноСтрой» серіктестігі аталған тірлікті жүзеге асыру үшін 6 адамды жұмысқа алды. Оның тең жартысы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды.
Конкурс жеңімпаздары анықталған жобалар аясында 802 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлаған. Бұл бағытта да жұмыспен қамту орталығы тиімді жұмыс істеп, 35 жеңімпаз мекемеден бос жұмыс орнына түскен сұранысқа байланысты 484 адамға жолдама берілді. Бұдан басқа 9 жоба бойынша 60-қа жуық азамат уақытша тартылуы керек болатын. Нәтижесінде тек 29 адам тиісті орталық арқылы жұмысқа ­орналастырылды.
Қазіргі таңда жұмыс табу өте күрделі мәселеге айналып отыр. Өйткені әлемдік пандемияның кесірінен жеке сектордағы қызметкерлер жұмыстан қысқартылып, көптеген аймақта жұмыссыздық деңгейі жоғарылап кетті. Алайда жол картасы бағдарламасы аясында аудан азаматтарына екі қолға бір күрек тауып берген атқамінерлерге жұртшылық дән риза.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
25 тамыз 2020 ж. 482 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031