Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көмір тапшылығы туындамай ма?

Көмір тапшылығы туындамай ма?

Биыл елдегі көмір тұтыну көлемі төмендеген. Әйтсе де, «қара отынды» тұтынушылар үшін бағаның арзандауы туралы жағымды жаңалық айтуға ерте. Көмір бағасы қалай құбылды? Қыстан қысылмай шығуға көмір жеткілікті ме?
Расында, жыл өткен сайын көптеген мемлекет көмір тұтыну көлемін азайтып келеді. Осы жылы маусым, шілде айларында Еуропа мен Азиядағы энергетикалық көмірдің бағасы өсуін жалғастырған. Нәтижесінде, елдегі «қара отын» құны да мың құбылып тұр. Негізі, көмірдің қымбаттауына үнемі пайда болатын ұсыныс пен сұраныстың артуы, қала берді қоғамдағы алыпқашпа әңгімелер әсер ететін көрінеді.

Тұтыну көлемі төмендеп келеді
Көмір тұтыну көлемінің күрт төмендеуі халықты белсенді газдандыру есебінен болып отыр. Газдандырудың арқасында биыл көмірді тұтыну 4,8 миллион тоннаға дейін азаяды.
Мәселен, бірінші жартыжылдықта коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және өңір тұрғындарына 3,4 ­миллион тонна көмір тиеліпті. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 31,3, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттілігіне 2,9 миллион тонна жөнелтілген. 14,5 миллион тонна экспортқа кетті. Шығыс, Солтүстік Қазақстан ­облыстары мен Алматыдан басқа барлық өңірлер 2021-2022 жылғы жылу беру кезеңінде көмір өніміне деген қажеттіліктерін көрсетіп, жаңа маусымға дайындықты бастап кеткен. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде кеңес өтіп, онда өңірлік билік органдарына халыққа көмірдің бағасы мен маркаларын, сату нүктелері мен олардағы көмірдің бар-жоғын түсіндіру үшін арнайы жедел желі құру, сондай-ақ тұрақты негізде халыққа көмірдің жеткізілімі мен сапасына мониторинг жүргізу ұсынылды. Сонымен бірге көмір бағасының заңсыз өсуіне жол бермеу үшін монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелері жұмыс істеуде.

«Қара отын» бағасы неге қымбат?
Қазақстандық көмір өндіруші компаниялар жыл басынан бері 60 миллионға жуық тонна көмір өндірді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұтыну төмендегенімен, көмір тұтынушылар үшін отын бағасы өткен жылға қарағанда қымбатқа түсетінін айтады. Мәселен, елімізде қатты отын өңірлерге байланысты тоннасына 5 мыңнан 19 мың теңгеге дейін ауытқиды.
– Көмір бағасы нарықтық қатынаста қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін айта кету қажет. Бұл ең алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық және тұрғындар үшін қажетті көмір көлемі шамамен 9,2 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 миллион тонна, халыққа 6,4 миллион тонна қажет. Өйткені көмір өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың шығыны есепке алынған. «Қара отын» өндірушілер электр энергиясы, жарылғыш заттар және жанар-жағармай материалдары 24 процентке дейін, ал шахталық жабдыққа қосалқы бөлшектерге 1,6 есе көтерілгенін айтқан. Сондай-ақ кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысы да орташа алғанда 8-18 процентке өсті, – дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Аудандағы ахуал қалай?
Аудандағы мекемелерді көмірмен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкер Бекқали Бекбауылов биыл көмір бағасын көтермеген. Яғни бұрынғы ізбен қалған көрінеді. Алайда былтырға қарағанда осы жылы баға әлдейқайда көтерілген. Нақтыласақ, тас көмір 12500 теңге болса, ағаш көмір 19000 теңгеге дейін барады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын мезгілінде көмірді тонналап ауласына түсіріп алатын кәсіпкерлер үстіне біршама тиын қосып сататынын жиі еститінбіз. Қазір олардың қатары сиреген. Бірнеше жылдан бері көмір сатумен айналысатын азамат «қара отынға» тапсырыс берушілердің саны күн суығанда көбейеді деп отыр. Жаз айларында да көмір сатып алатындардың қарасы да көп.
– Сырттан алдырмаймын. Көп тонна алатындықтан, бағасын түсіріп, келісемін. Бағаның ойнап кетуі де осыдан болар. Тасымалдаушылар бірге бір қосып әкеледі деп еститінмін. Нақты орнында 8000 болса, бізге келгенше 16 000 теңге болады. Сұрастырғанымда олай емес екеніне көзім жетті. Ертеректегідей емес, баға расымен көтеріліп кеткен. Мен үстіне 1 000-1 500 теңге қосып сатамын, – дейді кәсіпкер.
Жалпы ауданда жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына қажетті қатты отынның мөлшері белгіленіп, жеткізу жағы қарастырылып қойған. Осы мәселеге қатысты жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев көмір тасымалдаушы кәсіпкерлермен кездесті. Онда тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету жайы сөз болды.
– Қысқы жылу беру маусымында ауданға 20 мың тонна көмір қажет деп жоспарлап отырмыз. Көмір Қарағанды, Павлодар облыстарындағы кеніштерден тасымалданатындықтан, өзіндік құнының жоғарылайтыны белгілі. Дегенмен біз халыққа қатты отынды қолжетімді бағада ұсынып, тапшылықты болдырмау үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет, – деді аудан басшысы.
Басқосуда көмір тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкер Нұрлан Тұрсұмұратов, «Қазалы Тұлпары» ЖШС директоры Мұхтар Тоғымов өз ой-пікірлерімен бөлісті. Олардың айтуынша, ауданды қажетті қатты отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік мол.
Тағы бір айта кетерлігі, жиында қысқы жылу беру маусымында қатты отын бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында екі жақты меморандум жасалды.
Әрине, ел ішіне көгілдір отын кіріп жатқаны қуантады. Алайда әлі күнге дейін алыс-жақын жерлерде көмір жағатындар жоқ емес. «Қыстың қамын жаз ойла» деп, терезеге қырау түспей тұрғанда қатты отын тұтынатын ағайынды да ұмыт қалдырмаған жөн.
А.БАҚЫТҰЛЫ
28 қыркүйек 2021 ж. 467 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 103

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 71

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031