Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус пен пневмониядан 47 адам көз жұмды

Коронавирус пен пневмониядан 47 адам көз жұмды

241 науқас өте ауыр хәлде жатыр. Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан 47 адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус пен пневмониядан 47 адам өлімі тіркелді. Өткен тәулікте 2 537 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 872 596 жетті. 3 673 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 805 346 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. 24 қыркүйектегі мәлімет бойынша 65 098 адам коронавирустан емделіп жатыр. «Олардың ішінде 11 576 пациент стационарда, 53 522 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 905 адамның жағдайы ауыр, 241 пациенттің жағдайы өте ауыр, 106 науқас өкпені жасанды аппаратына қосылған», - деп жазылған хабарламада. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей: «Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары. «Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл аймақта»: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 447 463 адам, екінші компонентін 6 328 291 адам салдырды.

24 қыркүйек 2021 ж. 251 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930