Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустан 118 адам қайтыс болды

Коронавирустан 118 адам қайтыс болды

551 науқастың жағдайы өте ауыр. Елімізде COVID-19 вирусынан 118 адам, пневмониядан 45 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 7 348 дерегі тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 723 064-ке жетті. 5 886 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 597 850 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. 20 тамыздағы мәлімет бойынша 122 620 адам коронавирустан емделіп жатыр. «Олардың ішінде 30 128 пациент стационарда, 94 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 918 адамның жағдайы ауыр, 551 пациенттің жағдайы өте ауыр, 248 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 163 адам қайтыс болды. 2021 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей: «Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл аймақта»: Түркістан облысы. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 276 224 адам, екінші компонентін 4 913 196 адам салдырды.
20 тамыз 2021 ж. 429 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930