Елімізде 14 млн-ға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
6 млн-нан аса адам толық вакцина салдырды. Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар саны 14 млн-ға жуықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 408 957 адам, екінші компонентін 6 289 238 адам салдырды. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2 693 жағдай тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 870 059 жетті. 3 905 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 801 673 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. 23 қыркүйектегі мәлімет бойынша 66 215 адам коронавирус емделіп жатыр. «Олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 962 адамның жағдайы ауыр, 239 пациенттің жағдайы өте ауыр, 131 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 62 адам қайтыс болды. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей: «Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары. «Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл аймақта»: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.