Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде вакцина алғандар саны 12 млн-ға жуықтады

Елімізде вакцина алғандар саны 12 млн-ға жуықтады

СOVID-19 вирусы мен пневмониядан 141 адам қайтыс болды. Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпені 11 млн 619 мың 575 адам салдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, СOVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 млн 466 мың 823 адам, екінші компонентін 5 млн 152 мың 752 адам салдырған. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 6 358 жағдай тіркелді. Осылайша, СOVID-19 жұқтырғандар саны 761 249-ға жетті. 9 748 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 641 249 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. 26 тамыздағы мәлімет бойынша 117 566 адам коронавирустан емделіп жатыр. «Олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 141 адам көз жұмды. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей: «Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл аймақта»: Түркістан облысы.
26 тамыз 2021 ж. 487 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30