Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19 вирусы мен пневмониядан 62 адам қайтыс болды

COVID-19 вирусы мен пневмониядан 62 адам қайтыс болды

Еліміздің басым бөлігі «қызыл аймақта» тұр. Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 62 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 5 179 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 504 290-ға жетті. Өткен тәулікте 2 529 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 436 523 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. 21 шілдедегі мәлімет бойынша 64 367 адам коронавирустан емделіп жатыр. «Олардың ішінде 20 050 пациент стационарда, 44 317 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 157 адамның жағдайы ауыр, 263 пациенттің жағдайы өте ауыр, 160 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 62 адам өлімі тіркелді. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның басым бөлімі «қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары аймақта»: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 4 965 516 адам, екінші компонентін 2 907 410 адам салдырды.


21 шілде 2021 ж. 491 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930