Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина алған анадан нәрестеге антиденелер беріледі - зерттеу

Вакцина алған анадан нәрестеге антиденелер беріледі - зерттеу

Ғалымдар Pfizer және BioNTech немесе Moderna вакцинасын алған жүкті әйелдерден баласына коронавирусқа антиденелер беретінін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NYU Langone медициналық орталығының сайтына сілтеме жасап.
Америкалық акушерия және гинекология журналында жарияланған зерттеуте АҚШ ғалымдары әйел жүктілік кезінде вакцина алған болса, ұрықтың коронавирусқа қарсы иммунитеті бар-жоғын білу үшін кіндіктен қан алып, антиденелер деңгейін өлшегені жазылған. 
Осылайша МРНҚ вакцинасының дозасын алған 36 ананың барлығының баласында CAVID-19-ға антиденелер анықталды. Дәстүрлі емес, матрицалық немесе ақпараттық РНҚ-ға негізделген вакциналар жасушаларға инфекция түскенде иммундық реакцияны қосатын ақуыз шығаруға үйретеді.
"Мұндайды күтпеген едік. Бұл деректерді салыстырмалы түрде ертерек жарияладық, өйткені бұл денсаулық сақтау саласы үшін маңызды табыс. Қазір біз барлық жүкті әйелге нәрестенің пайдасы үшін вакцина алуға кеңес береміз", - дейді зерттеу авторларының бірі, NYU Langone акушер-гинекологы Эшли Роман.
АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) мәліметінше, АҚШ-та 18-49 жастағы жүкті әйелдердің тек 30 пайызы вакцинацияланған.
Бұған дейін АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина алуға ресми түрде кеңес берілген болатын.
23 қыркүйек 2021 ж. 400 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031