Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина алған анадан нәрестеге антиденелер беріледі - зерттеу

Вакцина алған анадан нәрестеге антиденелер беріледі - зерттеу

Ғалымдар Pfizer және BioNTech немесе Moderna вакцинасын алған жүкті әйелдерден баласына коронавирусқа антиденелер беретінін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz NYU Langone медициналық орталығының сайтына сілтеме жасап.

Америкалық акушерия және гинекология журналында жарияланған зерттеуте АҚШ ғалымдары әйел жүктілік кезінде вакцина алған болса, ұрықтың коронавирусқа қарсы иммунитеті бар-жоғын білу үшін кіндіктен қан алып, антиденелер деңгейін өлшегені жазылған.
Осылайша МРНҚ вакцинасының дозасын алған 36 ананың барлығының баласында CAVID-19-ға антиденелер анықталды. Дәстүрлі емес, матрицалық немесе ақпараттық РНҚ-ға негізделген вакциналар жасушаларға инфекция түскенде иммундық реакцияны қосатын ақуыз шығаруға үйретеді.

"Мұндайды күтпеген едік. Бұл деректерді салыстырмалы түрде ертерек жарияладық, өйткені бұл денсаулық сақтау саласы үшін маңызды табыс. Қазір біз барлық жүкті әйелге нәрестенің пайдасы үшін вакцина алуға кеңес береміз", - дейді зерттеу авторларының бірі, NYU Langone акушер-гинекологы Эшли Роман.
АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) мәліметінше, АҚШ-та 18-49 жастағы жүкті әйелдердің тек 30 пайызы вакцинацияланған.
Бұған дейін АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина алуға ресми түрде кеңес берілген болатын.
23 қыркүйек 2021 ж. 342 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031