Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенімді әрі әдемі сөйлеудің 8 ережесі

Сенімді әрі әдемі сөйлеудің 8 ережесі

Әлемдегі нағыз шешен әрі кәсіпкер, психолог Тони Роббинстің қарапайым нұсқаулықтары. Тонидың айтуы бойынша, сенімсіздік пен сенімділіктің арасындағы айырмашылық — әрекет ету мен әрекетсіздік арасындағы байланыс секілді. Ендеше, сенімді болып, Сізді тыңдайтындай дәрежеде тіл қатудың маңыздылығы неде екенін көрелік.
Шешендік өнердің 8 құпиясы

1. Адамдармен әңгіме-дүкен құрып үйреніңіз.
Сіздің идеяларыңыз бен пікіріңізді өзгелер әр уақытта да қабылдай бермеуі мүмкін. Бірақ, мұның қарапайым дәнеңесі де жоқ. Оларды ашық айтыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз! Бұл алдағы уақытта сізге батылдық береді.

2. Дауыстап сөйлеуге именбеңіз.
Егер сіз ақырын сөйлейтін болсаңыз, онда төңірегіңіздегі адамдар не айтып отырғаныңызды естімек түгілі, айтар сөзіңізге сенімсіздіңізге байланысты сізге сеніммен қарай алмайды.

3. Әңгімелесу барысында көрермен байланысын орнатыңыз.
⠀Бір жағынан бұл сыпайылықты да талап етеді. Сонымен қатар көрермен байланысы төңірегіңіздегілердің сіздің айтар ойыңызға тыңғылықты әрі ойланып тыңдауға түрткі болады.

4. Күн сайын өзіңізді мақтаңыз.
Осылайша, сіз өзіңізге деген сенім деңгейін арттыра түсесіз. Ал бұл сіз сөйлеген кезде өте маңызды. Себебі бұл сізге сенімділік береді. Адам өзіне сенімді болған сайын қоршаған адамдар да оны барынша байыппен қабылдайды.

5. Қателік жіберсеңіз, ашуланбаңыз.
Адамдар бой алдыратын қателік – бұл жаңалық емес. Қателеспейтін адам жоқ. Егер адам қателесіп кетсе, бұл қалыпты жағдай. Тек сабырлық сақтап, сөзіңізді әрі қарай батыл сабақтай беріңіз.

6. Қайта, қайта талпыныңыз.
Ұялшақ адам үшін бастапқы кезде бұл өте қиындық тудыруы мүмкін. Дегенмен, сіз  қалай болғанда да, ойларыңызды іште сақтап қалмай айтуға мәжбүрленуге тиіссіз. Егер сізде қандай да бір ой болса, онда оны өзге адамдармен бөлісуге тырысыңыз. Олардың басыңызды сақтаудың еш қажеті жоқ.

7. Өзіңізге деген сенімділік қалыптасқаннан кейін талап етілетін тақырыпқа қатысты біліміңіздің жеткілікті екендігіне көз жеткізуге тырысыңыз. Содан кейін  әңгімелесудің түрлі тиімді тәсілдерін пайдала отырып, өз біліміңізді аудиториямен бөлісіңіз.

8. Сенімділік пен өркөкіректік арасындағы нәзік шекті есте сақтаңыз.
Тым сенімді көрінуге тырыспаңыз. Себебі төңірегіңіздегі адамдар сізді өркөкірек әрі идеяларын өзгелерден жоғары санайтын астамшыл адам деп ойлап қалуы мүмкін.
26 наурыз 2018 ж. 1 613 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930