Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлтты биікке жетелейтін сәт келді

Ұлтты биікке жетелейтін сәт келді

Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мақсатымен ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейтетін, мемлекетімізді одан әрі өркендетіп, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды және тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін озық ойлы әрі бәсекеге қабілетті мамандар қажеттілігі өте зор.
Осыған орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізіліп келеді. Бұл жобаның басты мақсаты – қоғам мүдделерін басшылыққа алатын және маңызы зор әрі тиімді реформаларды іске асыра алатын жас таланттардың әлеуетін тиімді пайдалану.
Резервке іріктеу барысын барынша ашық және әділ өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Прези­ден­­ті жанындағы Жастар кадр резерві бойынша Ұлттық комиссия резервке іріктеудің арнайы тәртібі мен жоспарын бекітті. Осыған сәйкес кандидаттарды іріктеу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталып, нәтижесінде 50 резервші іріктелетін болады.
Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары бі­лімді, кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының аза­мат­­тары қатыса алады. 2019 жылы ұйым­дастырылған іріктеуге қарағанда, бұл жолы кадрларды іріктеу процесі та­лап етілген білімдерді, дағдылар мен қабілеттерді ғана емес, сонымен қатар кандидаттардың шынайы мақ­саттары мен құндылықтарын анық­тауға бағытталған. Іріктеу ба­ры­­сында кандидаттардың күрделі сан­­дық және мәтіндік ақпаратпен жұ­­мыс істеу, ситуациялық тапсырмаларды шешу қабілеттері бағаланып, құрылымдалған мінез-құлық сұхбаты ұйымдастырылады. Сонымен қатар Ассессмент-орталығы арқылы кандидаттардың жаңа фор­мация көшбасшыларына тән стра­тегиялық ойлау, қызметті басқару, бел­­сенділік сияқты қасиеттеріне баға бе­ріледі.
Елі мен жерінің көркеюіне пер­зенттік үлесін қосқысы келетін таң­дау­лы жастардың қатарына кірем деуші азаматтардың құжаттарын қа­был­дау 1-30 қыркүйек аралығында арнайы pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында іске асырылатын болады. Резервке іріктеу туралы соңғы шешім Жастар кадр резерві бойынша Ұлттық комиссиямен қабылданатын болады. Резервтің құрамына кірген маман 3 жыл ішінде мемлекеттік лауазымға тағайындалуға құқылы.
Өзінің келешегін күні бұрын ой­л­айтын мемлекет алдымен жас аза­мат­­тардың қабілет-қарымын шың­дап, тиісті дәрежеде көңіл бө­ле­ті­ні түсінікті. Осындай жастарды мем­лекеттік басқару аппаратына көбі­рек жұмылдыру қажет, себебі олар­дың ойлары ұшқыр, көзқарастары қа­лып­тасқан, әлемдік тенденцияларды жақ­сы түсінеді.
Президенттік жастар кадр резерві – жас буын өкілдерінің жауапты қызметке келуі үшін жасалып отырған игі бастама. Бұл жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана емес, ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз.
Бұл жобаның тиімділігін алғашқы ірік­теуден байқауға болады. Резервке кір­ген 300 азаматтың ішінде 106 адам жеке сектордан, 98 адам квази­мем­лекеттік сектордан, 96 адам мем­лекеттік қызмет жүйесінен болды. Бүгінгі таңда олардың 184-і немесе 60%-ы жұмысқа орналасып, еліміздің түрлі секторларында еңбек етуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрі­нен қымбат» атты мақаласында: «Дарынды жастарды басшылардың жаңа буынын даярлауға барынша тартып жатырмыз. Менің бастамаммен құрылған Президенттік кадр резерві – осының айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеуге ерекше назар аударамыз. Билік органдарындағы азаматтар, ең алдымен, ұлттық мүд­де­ге берік болуға тиіс», деп атап өтті. Бұл сөз­бен келіспеуге болмайды, себе­бі елі­­мізге ұлттық мүддені терең се­зі­не­­тін жастар керек.
Президент айтқандай, жастар – тың идеялардың қайнар көзі, оң өзге­ріс­тердің қозғаушы күші. Сон­дық­тан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану қажет. Білімді әрі білікті жас ма­мандардың ортақ мүдде үшін топтасатын, ұлтты биікке жетелеп, жаңаша да­муға бастайтын маңызды әрі жауапты сәт келді.
08 қыркүйек 2021 ж. 257 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 33

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 46

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031