Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын болжады
Қазақстанның солтүстігінде және шығысында 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.
31 тамыз – 1 қыркүйек түнде Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.
31 тамыз – 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында топырақ бетінде екі градус үсік жүреді.
2-3 қыркүйекте түнде Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында 2 градус үсік жүреді.
2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, батысы және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
2 қыркүйекке қараған түні Ақмола облысының солтүстігі, батысы және шығысында 2 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында 2 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
2-3 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Дабылды ескерту жарияланды
Сонымен қатар бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды. Оның ішінде 31 тамызда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Найзағай кезінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.
31 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с жел болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
31 тамызда Қарағанды облысының солтүстік-шығысы, шығысы, оңтүстігі, орталығында найзағай ойнайды. Дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай ойнады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ертең ауа райы қандай болады
31 тамызда Қазақстанның басым бөлігіне найзағай ойнап, орталық пен шығыста қатты жаңбыр жауады. Жел күшейіп, орталықта, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.
Тек еліміздің батысы, солтүстік-батысы және солтүстікте жауын жаумайды.
Алматы облысында найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде түнде тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында найзағай ойнап, дауыл болады. Облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік-батысы, орталығында жел екпіні 23 м/с болады.
Павлодар облысының батысында тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.